Выступления, статьи, интервью Мамешова А.М.
Публикации Мамешова А.М.
Сообщений 1 страница 5 из 5
Поделиться22010-01-14 08:55:45
ЖЕМҚОРДЫҢ ҚОЛЫН БЮДЖЕТ ҚОРЖЫНЫНА ЖЕТКІЗБЕУ КЕРЕК
Еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын тежейтін қоғамдық індет – сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі түрінің бірі оның алдын алу болып саналады. Бұл тұрғыда мемлекеттік қызметкерлердің білімділігі, адалдығы, заңды сыйлауы маңызды орын алады. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Қостанай облыстық басқармасының бастығы – тәртіптік кеңес төрағасы Әбдімәш МӘМЕШЕВТЕН облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып беруін өтінген едік.
– Әбдімәш Мәмешұлы, облыста сыбайлас жемқорлықпен күрес ісі қай деңгейде деуге болады?
– Өткен жылдың 6 желтоқсанында өткен “Нұр Отан” ХДП-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл қоғамдық індетпен күресудің айқын бағыттарын айтып берген болатын. Сол бағыттарды жүзеге асыру үшін Мемлекеттік қызмет істері өніндегі агенттіктің Қостанай облысындағы тәртіптік кеңесі мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жол бермеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл мақсат үшін тәртіптік кеңес жыл бойы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызметкерлердің Ар-ождан кодексі нормаларының сақталуы жөнінде тексерулер, қызметтік зерттеулер, атқару органдары мен құқық қорғау органдарының жетекшілері мен лауазым иелерін тыңдау сияқты жұмыстың бірнеше әдіс-тәсілдерін пайдаланды. 2008 жылы тәртіптік кеңес секретариаты 573 тексеру жүргізіп, онда жоғарыда айтқан заң нормаларын бұзған 650 факті анықталды. Мұның сыртында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің тапсырмасы бойынша облыстың салық департаментінде және жеке, заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқару органдарында жоспардан тыс 394 тексеру жүргізілді. Бұл тексерулер қорытындысы тәртіптік кеңесте қаралып, онда мемлекеттік қызмет туралы және сыбайластыққа қарсы күрес туралы заңнаманың орындалуы жөнінде жергілікті атқарушы органдарының 83 лауазым иесінің есебі тыңдалды. Сонымен қатар облыстық прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті және экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінен түскен материалдар негізінде 61 тәртіптік іс қаралды. Онда заң нормаларын сақтамаған, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтың өрістеуіне мүмкіндік берген әр деңгейдегі 36 әкім мен мемлекеттік органдар мен мекемелердің жетекшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, өткен жылы тәртіптік кеңестің кепілдемесімен 190 тәртіптік жаза қолданылды. Оның ішінде 5 лауазым иесі орынтағын босатты, 13 басшыға қызметіне лайық емес деген ескерту берілді, 26 қызметкер қатаң сөгіс, 54 қызметкер – сөгіс және 101 қызметкер ескерту алды.
– Лауазым иелері көбіне қандай заң бұзушылықтарға барады? Сыбайлас жемқорлықпен күрес торына шортандар емес, тек шабақтар ілігетін сыңайлы?
– Тәртіптік кеңес тек қатардағы мемлекеттік қызметкерлердің ғана емес, облыстық және аймақтық мемлекеттік органдар жетекшілері мен олардың орынбасарларының, аудан, ауыл әкімдерінің, басқа да лауазым иелерінің істерін қарайды. Мысалы, тәртіптік кеңес Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы А.Барановтың тәртіптік ісін А.Адайкина деген азаматшаның арызы негізінде қарады. Сонымен қатар өткен жылы саяси мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тәртіптік кеңестің кепілдемесімен төрт әкім қызметінен босатылды, қалғандарына қатаң сөгіс және сөгіс жарияланды.
Заңды белшесінен басып, сыбайластыққа жағдай тудырғаны үшін аудан әкімдерінің 10 орынбасарына тәртіптік кеңес мүшелерінің алдында қызаруға тура келді. Мысалы, Меңдіғара ауданы әкімінің орынбасары М.Сөкітбаев Борков селолық әкімі Ю.Гибалоға дайындық жұмыстары кезінде және шешім қабылдағанда заңсыз артықшылықтар берген. Сондай-ақ Таран ауданы әкімінің орынбасары К.Есжанов өзі “Нұр Отан” партиясының мүшесі бола тұра, жекеменшікке жер телімдерін беру жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы ретінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға жерді ұзақ мерзімге жалға бергенде заң талаптарын оңды-соңды бұзушылыққа барған. Мұның өзі сыбайластыққа жол бастайтыны сөзсіз. Мұндай мысалдарды облыста көптеп келтіруге болады. Әсіресе аудан, село әкімдерінің арасында кәсіпкерлікке, басқа да табысы бар қызметпен байланысты шешім шығарғанда бәзбіреулерге ерекше бүйрегі бұрып, соның салдарынан заңды бұрмалаушылық жиі кездеседі. Мұның артында сыбайластықтың сығалайтыны белгілі нәрсе.
– Заң бұзушылық аз емес, ал осының түпкі себебі не дер едіңіз?
– Көптеген құқық бұзушылық заңды білмегеннен туындап жатады. Оның өзі де әртүрлі. Кейбір лауазым иелері этикалық нормаларды сақтамайды. Алдына келгендерге, бағынышты жандарға дөрекілік көрсетеді. Ал мемлекеттік қызметкер заңды бұзу арқылы сыбайластыққа жол берсе, сол қауіпті. Өйткені мемлекеттік қызметте отырған лауазым иелері кейде зардабын ойламай, қолындағы мүмкіндікті асыра пайдаланады. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлер арасында профилактикалық жұмыс жүргізу мен оларды оқытуды басты міндет деп санаймыз. Бұл әсіресе, мемлекеттік құрылымның төменгі буынында қызмет істейтін шенеуніктер үшін қажет дүние. Адамдар заң кеңестерін, түсініктемелерді жедел ала алмайтын жерлерде заң бұзушылық та жиі орын алады.
– Сыбайлас жемқорлықты күшпен жеңуге бола ма?
– Тәртіптік кеңес негізгі мақсат заң бұзушылықтың алдын алу деп біледі. Жемқорларды жаппай қудалап, жазалағаннан гөрі осы індеттің алдын алған жөн. Сондықтан біз мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар және сыбайластықтың алдын алу профилактикасын түсіндіреміз. Осы орайда аудандар мен қалаларда облыстық және аймақтық 70 семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер және жұртшылық өкілдерімен кездесулер өткіздік.
Мен өткен жылы құқық қорғау органдары мен прокуратураның үйлестіру кеңесіне, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде “Нұр Отан” партиясы өткізген республикалық-аймақтық семинарларға, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттерде, аудан, қала әкімдіктерінде өткен жиналыстарға қатысып, сөз сөйледім. Сыбайлас жемқорлық орын алғанда, ол туралы жедел ақпарат алу үшін басқармада азаматтардың арыз-шағымы үшін жәшік қойылған. Оған түскен арыздарды кідіртпестен тәртіптік кеңес төрағасының өзі қарайды.
– Сіздерге шағым жасаған азаматтар негізінен қандай мәселелерді көтереді?
– Қостанай облыстық тәртіптік кеңесіне өткен жылы барлығы 178 шағым түскен. Соның 50-і жеке азаматтардан, қалғаны мемлекеттік органдардан және басқа да заңды тұлғалардан түскен болатын. Олардың ішінде 115 шағым тексеріліп, тиісті жауап қайтарылды. Оның сыртында мен және менің орынбасарларым облыстың әр шалғайынан 356 адамды қабылдадық. Әрине, азаматтар көптеген мәселелерді көтереді, әсіресе, облыстағы мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз әрекеттері алдынан жиі шығатынын айтады. Ал әр заңсыз қадамның апарар жері – сыбайластық, әділетсіздік. Азаматтардың шағымы мұқият тексеріледі және істің ақ-қарасы анықталып, ол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшіліктің назарына ұсынылады.
Мемлекеттік органдар қызметкерлері жіберген қателіктер, заң бұзушылықтар да сыбайлас жемқорлыққа жол ашады. Ал жемқорлардың көздейтіні – бюджет қоржыны. Мысалы жыл аяғына қарай біз облыстағы бірнеше ауруханалар бас дәрігерлерінің ісін қарадық. Олар дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтармен сауда жасауға мемлекеттік лицензиясы жоқ бір ЖШС-дан 4 миллион теңгеге жақын бюджет қаржысына дәрі алған. Аурухананы басқарып отырған азаматтар тәртіптік кеңесте әлгі фирманың құжатын сұрамағандарын айтты. Лауазым иелерінің салғырттығынан қаншама заң бұзушылыққа жол берілді.
Авторы: Әңгімелескен Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.
“Егемен Қазақстан” Республикалық газеті
2009-03-14
http://www.egemen.kz/?act=readarticle&id=8958
Поделиться32010-03-02 06:19:14
"О качестве кадрового потенциала"
Абдимаш Мамешов, начальник Управления- председатель Дисциплинарного совета Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы в Костанайской области
Сегодня под влиянием нового Послания Президента страны каждый казахстанец определяет для себя новые ориентиры и ставит новые задачи. Ведь в Послании определены пути развития казахстанского общества на новое десятилетие, которое невозможно без образования и профессионального роста во всех сферах, в том числе - на государственной службе.
Для создания профессионального и эффективного государственного аппарата необходимы подготовленные кадры. В этой связи очень важно внедрение 12 летней модели обучения в среднем образовании, основанной не только на получении знании, но и на приобретении навыков и развитии компетенции учащегося. Профессиональное и техническое образование будет основано на профессиональных стандартах и взаимосвязано с потребностями работодателя. А высшее образование должно проводить подготовку кадров таким образом, чтобы на первоначальном этапе не приходилось их вновь обучать азам уже имеющейся у них специальности.
К сожалению, уровень образования оставляет желать лучшего. Этот вывод мы делаем по итогам тестирования, которые претенденты на государственную службу проходят у нас в Управлении Агентства государственной службы Костанайской области. В прошлом году тестирование прошли 2209 человек, и только 1484 преодолели пороговое значение. Поэтому вопрос качества образования в нашем обществе стоит остро. Человек, который претендует на государственную службу, должен учиться всю жизнь. Это важно в современном стремительно развивающемся мире, когда каждый есть открытия и изобретения, принимаются новые законы. Буквально, несколько лет назад, мы говорили, что организов. Сегодня воспринимается, как должное, что претендующий на государственную службу должен в совершенстве владеть современной техникой и знать хотя бы два языка.
Огромный импульс развития государства и профессионализации кадров должен дать создаваемый по инициативе Президента новый университет в Астане. В элитном вузе предполагается вести подготовку кадров по приоритетным специальностям: инфокоммуникационные технологии, космические технологии, нанотехнологии, компьютерный инжиниринг и другие.
Как я уже отметил, государственный служащий должен учиться на протяжении всей своей работы, проходить подготовку и переподготовку. У нас в области на должном уровне поставлена работа КГП «Региональный центр повышения квалификации и подготовки государственных служащих» акимата Костанайской области, по месяцам расписано, кто и какой госслужащий должен пройти курсы переподготовки и повышения квалификации. В прошлом году в этом центре повысили квалификацию 915 государственных служащих, прошли переподготовку- 125. Но и здесь есть проблемы. На сегодня не до конца решается вопрос обучения вновь принятых на государственную службу и назначенных на руководящую должность. Районными и городскими акиматами в прошлом году планировалось обучить 139 государственных служащих, фактически из них прошли только 83. Из 356 вновь принятых на госслужбу и назначенных на руководящую должность в Костанайской области прошли переподготовку 125 госслужащих.
Поэтому уже в текущем году всем городским и районным акиматам рекомендовано заложить в бюджет достаточно средств и провести соответствующим образом конкурсы, чтобы их работники своевременно могли пройти курсы переподготовки, где даются те необходимые знания, которые важны в работе с населением.
Недостаточность знании и юридическую безграмотность показывают и дела, которые попадают на заседания дисциплинарного совета Агентства РК по государственной службе Костанайской области. По рекомендации Дисциплинарного совета в прошлом году наложено 133 дисциплинарных взыскания на госчиновников, допустивших различные правонарушения. В том числе семь уволены с занимаемых должностей, пятерым дано предупреждение о неполном служебном соответствии, десять получили строгие выговора, а так же было 66 выговоров и 45 замечании.
Кроме того, нарушения выявляются при проверке госорганов: 492 нарушения законодательства о государственной службе и борьбе с коррупцией выявлено в ходе 214 проверок. А ведь за каждым нарушением стоит гражданин, чьи права ущемлены и нарушены. Кому-то не дали своевременно ответ на запрос, другому неправильно наложили дисциплинарное взыскание, решение об этом принималось без процедуры голосования, третьему – необъективно провели аттестацию. И этот список можно продолжить.
Все эти факты еще раз говорят о том, что образование должно быть непрерывным и постоянным. А так же, как сказал Президент страны, государственные служащие должны проходить все ступени карьерного роста. «Пусть поработают экспертами, пусть поработают заместителями департамента, пусть поработают директором департамента, пусть поработают заместителем министра»- это слова Нурсултана Абишевича. Они являются для нас призывом подготовки профессилнальных кадров, которые на любом участке могли бы работать успешно. Уже сегодня Агентство госслужбы подбирает группу перспективной молодежи из министерств и ведомств, чтобы направить их в области, для работы в качестве заместителей акимов областей, акимов районов, городов. Такая же группа для работы в районах и селах готовится в областном центре.
//"Юридическая газета" от 23 февраля 2010 года № 27
Отредактировано Туркибаева Гульнара (2010-03-02 08:43:17)
Поделиться42010-03-19 08:09:34
ХАЛЫК СЕНІМІ ҚАШАНДА КАСИЕТТІ
17 Наурыз 2010 | Замана
Әбдімәш МӘМЕШОВ, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қостанай облыстық басқармасының бастығы – тәртіптік кеңес төрағасы.
Осындайда дәуірлеп өткен Кеңес Одағы кезіндегі “іс тетігін кадрлар шешеді” деген тіркес еске түседі. Бірақ іс тетігін кадр болғанда да жан-жақты дайындығы мол мамандар шешетінін уақыт көрсетіп отыр. Жақсы маманның түп негізі жас ұрпаққа орта білім беруде, яғни мектеп қабырғасында жатыр.
Еліміз тәуелсіздігінің келуі тұтас бір дәуірдің өтіп, Қазақстан тарихында жаңа уақыттың келгенін паш етті. Ал жаңаның басталуы қашанда кедергісіз болмайды. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты бұрынғы сыртқы байланыстардың үзілуі шикізат отаны болып келген еліміздің экономикасын құлдыратып жіберді. Нарықтың қылбұрауынан еліміз аса қиындықты сезінген 1997 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа “Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және тұрмысының жақсаруы” атты Жолдауын жолдаған еді. Осы құжатта Елбасы мемлекетімізді дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын саралап берген болатын. Тарихи Жолдауды Президенттің өз аузынан тыңдау бақытына ие болған маған мұндай ұзақ мерзімге арналған жұмыстар орасан зор, тым ауқымды көрінген. Бірақ алға қойған мақсат айқындылығымен әр қазақстандықтың жүрегіне сенім ұялатты. Экономиканы жүргізу формасының ауысуына, яғни жоспарлы экономиканың орнына нарықтың келуіне байланысты тұралаудан енді бауырын көтеріп келе жатқан елдің сол Жолдау рухын көтерген, алға жігерлендірген. Міне, соның он жылында-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал, көреген саясатының кемелдігіне көзіміз жетті. Қазақстан сол тарихи құжатты қабылдағаннан кейінгі бас-аяғы оншақты жылдың ішінде бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған мемлекеттердің арасында көш бастады. Өйткені, көрегендікпен жоспарланған істің барлығы да тегеурінділікпен жүзеге асты. Соның арқасында Қазақстанды қазір әлем таныды, мойындады.
Енді Президенттің Жарлығымен Қазақстанды одан әрі дамытудың 2020 жылға арналған стратегиясы қабылданды. Онда алдағы он жылға арналған жоспарлар мен мақсаттар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” деп аталатын кезекті Жолдауында мейлінше көрініс тапты. Алдымыздағы он жылда Қазақстан дамудың жоғары сатысында болып, көшбасшылық тізгінді қолға алуы керек. Ол, әрине, мемлекеттің жан-жақты дамуымен, экономиканың нығайып, әлеуметтік тұрмыстың жақсаруымен және оған әр қазақстандықтың үлес қосуымен мүмкін болмақ. Осындайда дәуірлеп өткен Кеңес Одағы кезіндегі “іс тетігін кадрлар шешеді” деген тіркес еске түседі. Бірақ іс тетігін кадр болғанда да жан-жақты дайындығы мол мамандар шешетінін уақыт көрсетіп отыр. Жақсы маманның түп негізі жас ұрпаққа орта білім беруде, яғни мектеп қабырғасында жатыр. Бұл салада білім берудің 12 жылдық моделіне көшу маңызды факторға айналады. Уақыт талабына сәйкес жастарға техникалық білім берудің сапасын жақсарту қажеттігі білінуде. Жолдауда айтылғандай, Астанада ашылатын жаңа университет жоғары білім саласына серпіліс әкелмек. Халықаралық стандарттарды темірқазық етіп алатын дегдар білім ордасы инфокоммуникациялық, космостық технология, компьютерлік инжиниринг сияқты болашақта елдің даму тізгінін ұстайтын салаларға басымдық беретін болады.
Кадр мәселесі мемлекеттік қызметке де тікелей қатысты. Мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін көтеру Елбасы айтқан мақсаттарға жетудің бір тұғыры десек артық айтқандық емес. Біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр компьютер дәуірі болғандықтан, әр маман ақпараттық технологияны жақсы меңгеруі керек. Компьютерді пайдалануды жақсы білудің арқасында бұрынғы екі адам істейтін істі бір қызметкер атқаратындай оңтайлы ойластыратын да уақыт жетті. Мұнсыз жылдамдықпен сипатталып отырған өмір ағымынан қалып қоямыз. Себебі, мемлекеттік қызмет орнын резеңкедей соза берудің өзі халықтың маңдай терімен жиналатын бюджет қоржынына түсетін артық салмақ екені аян. Мысалы, 2000 жылы еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің саны 64 мың болса, ол бүгін 102 мыңға жеткен.
Елді әлемдегі мойны озық жұрттардың қатарына жеткізу үшін мемлекеттің, тәуелсіздіктің іргетасын мықтау керек. Мақсатқа жеткізер сара жолды көрсеткен маңызды құжатты халыққа түсіндіруді алдымен қолға алатын мемлекеттік қызметкерлер екені тағы белгілі. Халыққа қызметтің сапасы жақсарса, адамдардың мемлекетке деген сенімі артады. Ал халықтың өзіне деген сенімі мемлекеттің беделін күшейтеді. Негізі сенім түсінігінің астарында қалтқысыз қызмет, адалдық, қамқорлық, еңбек сияқты қоғамды гүлдендірудің кепілі боларлық тамаша ұғымдар жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалау үшін атқарылатын жұмыстардың бағыттарын терең талдап айтып берді. Бұл реформа да мемлекеттік, яғни халыққа көрсетілер қызмет сапасын арттыру үшін қолға алынады. Жолдау халыққа жеткен күні “Нұр Отан” ХДП Саяси бюросында өткен мәжілісте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кадр туралы мәселені қадап айтты. Ондағы әңгіме желісі мемлекеттік қызметтегі кадрлардың кәсіби сапасын көтеруге, олардың әлеуетін тиімді пайдалануға, сол үшін оларды дұрыс орналастыруға келіп саяды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі “Нұр Отан” партиясымен бірлесе отырып, өзінің әр қырынан біліктілігін көрсеткен қызметкерлерді лауазымды қызметке ұсынатын болады. Мемлекеттік деңгейдегі жұмыстар жергілікті жерлерден бастау алады. Кадр, маман да солай, өзінің қабілетін, білім қарымын, ішкі мәдениетін алдымен мемлекеттік қызметтің төменгі буынында жүріп көрсетеді. Еліміз өңірлерінің экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірін олар бес саусақтай біледі. Сондықтан білімі жетерлік, ұйымдастыру қабілеті мықты жас қызметкерлер мемлекет мүддесі шеңберіндегі талай игі істерді дөңгелентіп алып кетеді. Өздері атқарған жұмыстар арқылы олардың тәжірибесі де молая түседі.
Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік партиямен кеңесе отырып, министрліктер мен ведомстволардағы іскер жас қызметкерлерді еліміздің әр аймағындағы аудан әкімінің орынбасарлары, әкім немесе басқа да лауазымды қызметке жіберіп, облыстардағы мемлекеттік қызметте істейтін тәжірибесі мол жігіттер мен қыздарды олардың орнына жіберуді ұйымдастырады. Мұндай ауыс-түйіс мемлекеттік қызметті дамытуға жаңа серпін берері және қызметкерлердің кәсіптік деңгейін де көтере түсері сөзсіз.
Қазір Қостанай облысында 6788 мемлекеттік қызметкер бар. Олардың арасында 5330 адам жоғары білімді, 18 қызметкердің ғылыми атағы бар. Өткен жылы біліктілікті көтеру және қайта даярлау облыстық-аймақтық орталығында 1040 адам оқып білімін жетілдірді.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгесін ана тіліміз мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қызыл империя кезіндегі ұлттық саясаттың ақсауынан өгей баладай есіктен қарап қалған қазақ тілінің қолданыс аясы әлі көңілдегідей емес, әлі көп жұмысты, ізденістерді қажет етіп отыр. Мемлекеттік тіл қадамының ашылуына ықпал ететін де, тіл насихатшысы да мемлекеттік қызметкерлер болуы керек. Өйткені, мәслихаттар хатшылары, барлық деңгейдегі әкімдер, оның орынбасарлары, заң, құқық органдары, прокуратура өкілдері, қысқасы, халыққа қызмет ететін мемлекеттік мекемелердің барлығында іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілумен қатар, қызметкерлер шынайылықпен қазақша сөйлесе, ол барлық қазақстандықтарға үлгі болар еді. Қостанай облысында іс қағаздарының қазақшаға көшкеніне екі жыл, бірақ әлі аударманың үлесі басым. Басшылар мен мамандар жазған бұйрықтарда, басқа да құжаттарда әріп қателері көп, түсініксіз, орашолақ құрылған, қойыртпақ сөйлемдер жиі кездеседі. Қазақ тіліндегі мәтінді амалсыз жаза салу, көшіре салу фактілерінен де көптеген басшылар арыла алмай отыр. Дегенмен, облыстағы тіл үйрену орталығында және аудандар мен қалаларда мемлекеттік қызметкерлер үшін қазақ тілін оқыту үздіксіз жүргізіліп келеді.
Бір қуанарлығы – соңғы жылдары мемлекеттік мекемелерге қазақ және орыс тілдерін бірдей білетін жастар келе бастады. Олардың арасында өзге ұлыстардың өкілдері де бар. Василий Смирнов қазақ тілін жақсы білуінің арқасында облыстық мәслихат аппаратына қызметке алынды. Қазір білікті мамандардың бірі. Ал Ольга Диденко қазақ тілін үйрену үшін Қостанай қаласындағы жап-жақсы жұмысын тастап, негізінен өзіміздің қазақ ағайындар тұратын Амангелді ауданындағы мектепке жасөспірімдер инспекторы болып орналасқанына екі жыл болды. Тілдік ортадан алыс кетпеу үшін Ольга былтыр жазғы каникулдың барлығын демалыс лагерінде балалармен бірге өткізді. Қазақша жүргізіп сөйлеп тұрған қыз өзінің болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстыратынын жасырмайды. Сирек те болса кездесетін бұл жағдай қазақстандық патриотизмнің, мемлекеттік тілге деген құрметтің, сұраныстың да көрінісі деп білемін.
Ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің “Тәрбиесіз берген білім қауіпті” деген даналық сөзін мемлекеттік қызмет саласында да ұмытпауымыз керек. Қазынадан бөлінген қаржыға оқытып, білікті де білімдар еткен қызметкерлер халыққа қызмет көрсетуде адалдық танытпаса, мемлекет керуенінің жүгі ауады. Осы саладағы жұмыстардың барлығы да адалдық пен тазалыққа, адамгершілікке негізделгенде ғана еліміздегі демократиялық үрдістердің даму жолы адаспайды. Экономиканың нығаюы мен әлеуметтік мәселелердің уақтылы шешімін табуына көлденең тұратын кесапат – сыбайлас жемқорлықтың белең алуына себепкер болатын да немесе оған жол бермейтін де мемлекеттік қызметкер десе болады. Өйткені, мемлекеттік қызметкер Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” заңдарын, Мемлекеттік қызметкердің ар-ождан кодексін сақтамағанда қоғамда сыбайлас жемқорлықты өршітетін қол ұшынан жалғасу, бармақбасты, көзқысты әрекеттер бас көтереді.
Өкінішке қарай, мемлекеттік қызметкерлер заң нормаларын біле тұра бұзатын жағдайлар көп. Тиісті органдар өткен жылы тексергенде Қостанай ауданында осы заңдардың 83 бұзылу фактісі тіркелген. Арқалық қаласында – 38, Алтынсарин ауданында – 53, Әулиекөл ауданында – 51, Таран ауданында 30 заң талаптарын сақтамаушылық анықталды.
Тәртіптік кеңес Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке берілген бес жыл ішінде шынайылық пен жариялылық қамтамасыз етілді. Тәртіптік кеңестің әр отырысында заң талаптарын бұзып, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасаған мемлекеттік қызметкерлердің мәселесі қаралады. Мұнда қандай, кімге қатысты мәселе қаралса да ол жергілікті, республикалық ақпарат құралдарынан бүгіп қалған кез жоқ. Жариялылық біз жүргізген жұмыстардың нәтижелі болуына ықпал етеді. Өткен жылы Тәртіптік кеңес отырысында қаралған мәселелер туралы электронды ақпарат құралдарынан 400-ге жуық материал көрермендер мен радиотыңдаушыларына жетті. Ал республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда тәртіптік кеңес тезге салған мемлекеттік қызметкерлер мен сыбайластыққа қарсы жасалған жұмыстар туралы 165 мақала, хабарлар жарияланды. Былтыр құқық пен заңды қасақана бұзып, сонымен қатар, сыбайластыққа көпе-көрнеу жол берген жеті лауазым иесі тәртіптік кеңестің ұсынысымен қызметіне лайық емес деп танылып, орынтағын босатты. Бес лауазым иесіне қызметіне толық лайық еместігі ескертілді, 10 адамға қатаң сөгіс, 66 адамға сөгіс берілді. Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың ішінде он адам саяси мемлекеттік қызметкер, біреуі аудан, тоғызы ауыл әкімі. Мұның өзі бір облыс төңірегі үшін аз сан емес. Бір ауданның тізгінін сеніп тапсырған адам мемлекет заңын да, ар заңын да аяққа таптап жатса, оның жұмысы туралы не айтуға болады? Аудан басшысының сол өңірдегі шаруашылықтың дамуы мен адамдардың әлеуметтік-мәдени хал-ахуалына жауапкершілік алуы өз алдына, әкім республика Президентінің тапсырмаларын тікелей орындауға тиісті тұлға емес пе? Ауыл әкімдерінің жауапкершілігі де мұнан кем емес.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы он жылға стратегиялық бағыттар берген биылғы Жолдауындағы құқық қорғау жүйесіне қойылған талаптың барлығы да бір бұл сала емес, жалпы еліміздегі мемлекеттік қызметтің сапасын көтеру керектігінен туған шара деп түсінеміз. Сондықтан мемлекеттік қызметкер жауапкершілік жүгін сезінуі қажет. Бұл жауапкершіліктің артында халық сенімі бар.
“Егемен Қазақстан” Республикалық газеті
2010-03-17
Отредактировано Туркибаева Гульнара (2010-03-19 08:12:17)
Поделиться52010-07-08 08:18:51
Основа государственной службы
Конституция Республики закрепила единство народа, объединила на казахской земле людей всех национальностей, связанных общей исторической судьбой.
Абдимаш Мамешов,
начальник Управления агентства государственной
службы, председатель дисциплинарного совета
по Костанайской области
Республика Казахстан утвердила себя демократическим, светским, правовым и социальным государством, высшими ценностями которого являются права и свободы человека, которые принадлежат каждому от рождения, признаются абсолютными и неотчуждаемыми. Основной Закон обязал законодателя при принятии законов ставить во главу угла права человека.
Все эти годы казахстанцы стремятся жить и работать в строгом соответствии с буквой и духом нашей Конституции.
Благодаря Конституции Казахстан стал полноправным членом мирового сообщества. Об этом говорит Лидер нации Нурсултан Абишевич Назарбаев: “Наша страна внесла огромный вклад в дело мира на Земле, закрыв крупнейший ядерный полигон, уничтожив четвертый в мире ракетно-ядерный потенциал. При этом Казахстан получил гарантии целостности территории нашей страны от ядерных держав. Впервые в своей истории Казахстан обрел международно-признанные границы, что сняло угрозу территориальных споров в будущем”.
На мировой арене нашу страну воспринимают как предсказуемого делового партнера. Опираясь на ключевые положения Конституции, которые содержат весь необходимый юридический потенциал для обеспечения достойной жизни граждан, мы провели жизненно важные для судьбы страны преобразования: построили рыночную экономику и заложили основы демократического общества.
Мы демонтировали основы прежней тоталитарной политической системы, создали совершенно новые современные демократические институты, высвободили гражданскую инициативу. Эффективно реализовали базовый принцип демократии - разделение власти на три ветви - законодательную, исполнительную и судебную - с четкими механизмами сдержек и противовесов.
На основе Конституции граждане республики имеют равное право на доступ к государственной службе. Требования, предъявляемые к кандидату на должность государственного служащего обуславливаются характером должностных обязанностей и устанавливаются законом.
Казахстан провел ряд глубоких и поэтапных административных реформ, напрямую затронувших систему госслужбы. Так, прием на госслужбу в Казахстане проходит на конкурсной основе, действует принцип равного доступа, создан кадровый резерв. Законодательно закреплена защита административных госслужащих от необоснованных увольнений. Много внимания уделяется и их социальной защите, развита система поощрения лучших сотрудников. Это позволило сделать работу госорганов более прозрачной и повысить профессионализм государственных служащих.
При этом требования к госслужащим растут. Большое значение придается этике и поведению, госслужащий обязан уметь работать с обращениями граждан, вникать в их проблемы и принимать в рамках своих полномочий все усилия для их решения, руководствуясь интересами государства и общества, проявлять патриотизм, соблюдать политический нейтралитет и верность закону. Эти требования были актуальны и пятнадцать лет назад, но сегодня, когда Казахстан перешел к очередному этапу своего развития, они звучат по-особому. Экономику нового десятилетия будут строить квалифицированные и компетентные кадры.
Проводимые реформы в Казахстане, направленные на повышение качества государственных услуг, укрепление взаимодействия между государством и гражданским обществом, социальную и правовую защищенность населения, сохранят внутреннюю стабильность и согласие в обществе. Конституция в полной мере способствует этому процессу.